logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

WRO-2026: Атыраудағы аймақтық кезең мәресіне жетті

27 сәуір 2026 10:02

Атырау қаласындағы NIS базасында өткен халықаралық WRO-2026 робототехника байқауының аймақтық кезеңі өз мәресіне жетіп, әр номинация бойынша үздік командалар анықталды. Инновация мен инженерлік ойды ұштастырған додада қатысушылар түрлі санаттарда бақ сынап, өз жобалары мен техникалық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсете білді.

Future Engineers санатында І орынды Scuderia Ferrari командасы, Future Innovators Elementary бағыты бойынша Baby-city командасы, Future Innovators Junior санатында І орынды Veritas_Tech командасы иеленсе, Future Innovators Senior санатында үздік деп Zhasqan Inv командасы танылды.

Сондай-ақ, RoboSport категориясында І орын ZhasQan RS, Robomission Senior санатында Ignis_KM, Robomission Junior бағыты бойынша IGNIS, Robomission Elementary санатында FarabiR1 командасына бұйырды.

Аймақтық кезең нәтижесінде үздік атанған командалар енді республикалық және халықаралық кезеңдерде Атырау өңірінің намысын қорғайды. Байқау жас өнертапқыштардың қабілетін шыңдап қана қоймай, олардың болашақ инженер, IT маманы ретінде қалыптасуына үлкен серпін беретіні сөзсіз.