logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектеп түлегі оқушыларға арналған қаржылық сауаттылық курсын аяқтады

23 сәуір 2026 15:16

Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2019 жылғы түлегі, мектеп мақтанышы, бүгінде Торонто университетінің (University of Toronto) түлегі Абай Лоран өзі білім алған қара шаңырағына оралып, жоғары сынып оқушылары үшін ерекше маңызды «Қаржылық сауаттылық» курсын өткізді.

Бұл кездесу жай ғана дәріс емес, болашақ көшбасшылардың үлкен өмірге қадам басуына бағытталған практикалық шеберлік сағатына айналды. Абай Лоран мектеп қабырғасында жүргенде-ақ зеректігімен танылса, бүгінде ол халықаралық деңгейдегі маман ретінде қалыптасқан тұлға. Оның басты мақсаты — NIS оқушыларына заманауи әлемдегі ең қажетті дағдының бірі — ақшаны басқару өнерін үйрету.

Курста мектеп түлегі жеке бюджетті жоспарлау, кіріс көзін көбейту мен шығыстарды басқару туралы айтып берді. Абай студенттік өмірде, әсіресе шетелде білім алу барысында қаражатты тиімді бөлудің маңыздылығын түсіндірді. "Ақшаны табу маңызды, бірақ оны сақтай білу — үлкен өнер" деген қағиданы басты назарда ұстайтынын тілге тиек етті. Зияткерлерді әсіресе инвестиция негіздері, пайызда, қор нарығы және қаржылық активтер туралы түсініктер қызықтырды. Абай Лоран қаржы операцияларын қарапайым әрі қызықты тілмен жеткізді.

Екі айға созылған курста мектеп бітіруші түлектер артық шығындардан қалай қашу керектігін және қаржылық еркіндікке жетудің алғашқы қадамдарын үйренді. Абай Канададағы оқу тәжірибесімен бөлісе отырып, халықаралық гранттар, стипендияларды дұрыс пайдалану және ерте жастан капитал жинаудың маңызын айтып берді.