Жаңалықтар
Арт-терапиялық сабақ өтті
22 сәуір 2026 17:19
Атыраудағы NIS-те мектеп бітіруші түлектерге емтихан алдындағы қорқыныш пен күйзелісті төмендету мақсатында арт-терапиялық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында шығармашылық әдістер арқылы оқушылар өз эмоцияларын білдіріп, ішкі күйін түсінуге мүмкіндік алды. Жұмыс Дарюс Радкявичюс пен Ойстейн Кристиансен тәжірибелеріне негізделіп, эмоционалдық интеллектті дамытуға бағытталды.
Топтық сурет салу (Д. В. Винникоттың «Шиыршық ойыны») әдісі қолданылып, оқушылар арасында қолдау мен сенімді атмосфера қалыптасты.
Шара оқушылардың мазасыздық деңгейін төмендетіп, өзіне деген сенімділігін арттырғаны сөзсіз.