Жаңалықтар
«Кітап әлемді бағындырады»
21 сәуір 2026 16:14
23 сәуір – дүниежүзілік кітап күні аясында мектебімізде осындай атаумен кітап сыйлау акциясы өтті.
Бұл ерекше шараға ең кіші және ең үлкен сынып оқушылары – 7 және 12-сыныптар қатысты. Жоғары сынып оқушылары кіші сыныптағы оқушыларға арнап кітаптар сыйлап, ішіне жүрекжарды тілектерін, ақыл-кеңестерін жазып қалдырды. Әрбір кітап жай ғана сыйлық емес, ұрпақтар сабақтастығының, достық пен кітапқа деген сүйіспеншіліктің белгісіне айналды.
Акцияға жалпы 300-ге жуық оқушы қатысты. Шара барысында ерекше жылулық пен қуанышқа толы мерекелік көңіл-күй сезілді.
Сыйға тартылған кітаптар жас оқырмандардың жүрегінен орын тауып, оларды жаңа білім мен қызықты әлемдерге жетелейді деп сенеміз.
Кітап сыйлап, біліммен біліммен бөлісіңіз!