Жаңалықтар
Ұлыстың ұлы күні: NIS-тегі әз-Наурыз тойы
20 сәуір 2026 17:18
Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жыл басы – әз-Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді. Білім ордасының ұжымы мен оқушылары бұл күнді ерекше дайындықпен, ұлттық дәстүрді жаңғырта отырып қарсы алды.
Мерекелік іс-шара мектеп табалдырығынан басталды. Ұлттық киім киген оқушылар мен ұстаздар қауымы бір-біріне ақ тілектерін арнап, "Көрісу" дәстүрін паш етті. Мектеп стадионында киіз үйлер тігіліп, көне жабдықтары қойылып, ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл тек мереке ғана емес, сонымен қатар жас зияткерлер үшін ата-баба тарихы мен мәдениетін тануға бағытталған тағылымды шара болды.