logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Қазақ дәстүрлері – рухани тәрбиенің бастауы

18 наурыз 2026 12:32

Атыраудағы NIS-тің 7 «G» сыныбында «Қазақ дәстүрлері арқылы оқушы бойына рухани құндылықтарды сіңіру» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Іс-шараға ата-аналар қатысып, көрісу дәстүрінің мәні түсіндірілді. Оқушылар төс қағыстырып көрісіп, ұлттық тәрбиенің маңызын сезінді.

Сабақ барысында «Бамбузл» ойыны ұйымдастырылып, қазақы картиналар арқылы білімдері шыңдалды. Сонымен қатар, асық ату ойыны ойнатылды.

Соңында қазақтың ұлттық тағамдары таныстырылып, дастархан басында жігіттер бата берді.

Осындай тағылымы мол шаралар арқылы оқушылардың бойына ұлттық рух пен рухани құндылықтар одан әрі сіңе түсетіні сөзсіз.