Жаңалықтар
Ұлттық киім – ұлт рухының көрінісі
17 наурыз 2026 11:06
Көктемнің шуақты мерекесі – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Атыраудағы NIS-те «Батыс» және «Хиуаз» шаңырақтарының ұйымдастыруымен Наурызнама онкүндігі аясындағы «Ұлттық киім күні» жоғары деңгейде, ерекше сән-салтанатпен аталып өтті.
Ұлттық киім – бұл жай ғана сыртқы көрініс емес, ол – халықтың тарихы, дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі мен эстетикалық талғамының көрінісі. Қазақтың ұлттық киімдері ғасырлар бойы қалыптасып, табиғатпен үндесіп, көшпелі өмір салтына бейімделіп жасалған.

Шара барысында ұстаздар мен оқушылар ата-бабадан мұра болып қалған ұлттық киімдерді киіп, олардың көркемдігін, терең мағынасын айшықтай білді. Әрбір камзол мен шапан, сәукеле мен тақия – өткеннің өнегесін бүгінге жеткізген асыл қазынадай.
«Ұлттық киімдер» шеруі көпшіліктің көңілінен шығып, әр қатысушыға ерекше рух пен шабыт сыйлады.