Жаңалықтар
Мейірімділік — «Алатаудың» асқар белесі!
16 наурыз 2026 14:12
Наурызнама онкүндігінің әр күні — ізгілікке толы. «Қайырымдылық күнінде» Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Алатау» шаңырағы үлкен игі істің ұйытқысы болды.
«Жақсылық жасап жарысайық» деген ұранды ту еткен оқушыларымыз бен ұстаздарымыз мұқтаж жандарға қол ұшын созып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Біз үшін нағыз мейрам — дастарханның жиылуы емес, мұңлы көздердің қуаныштан күлімдегені, мұқтаж жанның алғысын алу.
- Бұл қайырымдылық шарасы — жас зияткерлердің бойындағы жанашырлық пен асыл қасиеттердің шынайы көрінісі. Наурыз мейрамының басты мәні де — бірлікте, қамқорлықта және айналаға шуақ шашуда екенін тағы бір мәрте дәлелдедік",- дейді балалар.