Жаңалықтар
Ашық есік күні сәтті өтті
11 наурыз 2026 10:12
Атыраудағы NIS-те бүгін кезекті ашық есік күні сәтті ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – болашақ зияткерлерді оқу үдерісімен, үйірмелер бағыттарымен және оқушылардың шығармашылық жетістіктерімен таныстыру болды.
Қонақ оқушылар мектептің түрлі кабинеттері мен шығармашылық алаңдарын аралап, оқушылардың жұмыстары мен тәжірибелерін тамашалады. Бағдарлама бойынша музыка және хор үйірмесінің жұмысы таныстырылып, телестудияда оқушылардың медиа жобалары көрсетілді. Сонымен қатар химия және нанотехнология бағытындағы тәжірибелер ұйымдастырылып, физика және биология пәндері бойынша қызықты тәжірибелер ұсынылды.

Оқушылар домбыра үйірмесінде ұлттық күйлерге қанығып, робототехника кабинетінде оқушылардың заманауи технологиялармен жасаған жобаларымен танысты. Әртістік шеберлік үйірмесі өз қызметі туралы презентация ұсынып, кітапхана бөлімінде білім мен оқу мәдениеті туралы мәлімет берілді.
Сондай-ақ, түрлі спорт секциялары мен тренажерлық мүмкіндіктер таныстырылды.