logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Бар мейірім бастау алған анадан…

10 наурыз 2026 17:15

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай мектебімізде «Батыс» шаңырағы оқушыларының ұйымдастыруымен ерекше мерекелік кеш өтті. Екі күнге созылған бұл шараның басты мақсаты - аналарға деген құрмет пен алғысты білдіру, олардың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу болатын.

Мерекелік кеш барысында оқушылар аналарын жүрекжарды сөздермен құттықтап, әсерлі өлеңдер оқыды, қызықты ойындар ұйымдастырды.

Сонымен қатар, аналар мен балалар бірге қатысқан көңілді сайыстар, кештің шырайын кіргізіп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ал «Бейбарыс» шаңырағының оқушылары мейрамға орай «Аяулы анам, асыл әжем» атты әсерлі тәрбие сағатын өткізіп, көңіл қуантты.

Шара барысында оқушылар аналар мен әжелерге деген шексіз сүйіспеншілігін өлең жолдары, жүрекке жылы сөздер мен әсем қойылымдар арқылы жеткізді. Әрбір өнер көрсетілімінде ана мейірімі, әже даналығы және отбасының қадір-қасиеті ерекше дәріптелді.

Бұл тәрбие сағатының басты мақсаты – оқушылардың бойына анаға құрмет, әжеге ізет, үлкенге сыйластық сияқты асыл қасиеттерді сіңіру болды.