logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Ана – жүрек жылуы»

10 наурыз 2026 16:12

NIS-тің 12«В» сыныбы оқушылары да осындай атаумен арт-терапия форматындағы мерекелік кездесу ұйымдастырды.

Басты мақсаты – аналарға деген шексіз сүйіспеншілік пен алғысты ерекше форматта жеткізу, бала мен ана арасындағы рухани байланысты нығайту. Кездесу барысында оқушылар арт-терапия элементтері арқылы өздерінің ішкі сезімдерін қағаз бетіне түсіріп, аналарына арнап жүрекжарды хаттар жазды.

«Есіңде ме, ана», «Алғыс айтамын, ана», «Уәде беремін, ана» деген тақырыптар аясында жазылған хаттар аналардың көңілін толқытып, ерекше эмоция сыйлады. Әрбір сөзден оқушылардың шынайы махаббаты, ризашылығы мен болашаққа берген серті сезілді. Әсерлі құттықтаулар жүректеріне жеткен аналар көз жастарына да ерік беріп, ерекше әсерлі күйге бөленді.

Ерекше жүздесу барша қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырып, отбасы құндылығының маңызын тағы бір мәрте дәлелдеді.