Жаңалықтар
Халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасында І орын алды
10 наурыз 2026 16:16
Атыраудағы NIS зияткері Айзере Андосова International Olympiad of Scientific Projects (IOSPO) атты халықаралық ғылыми жобалар олимпиадасында І орын иеленді.
Аталған олимпиадада қатысушылар биология, медицина, химия, физика, инженерия және экологиялық ғылымдар секілді бағыттар бойынша өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Байқау аясында оқушылар ғылыми зерттеу жүргізіп, зерттеу жұмыс дайындап, постер әзірледі және жобаларын халықаралық қазылар алқасының алдында қорғады. Жобалар ғылыми жаңалығы, зерттеу сапасы, нәтижелерді талдау деңгейі және жұмыстың практикалық маңыздылығы бойынша бағаланды.
Олимпиадаға әлемнің көптеген елдерінен, соның ішінде Қазақстан, Түркия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Индонезия, Малайзия, Үндістан, Жапония, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Сингапур, Испания, Норвегия, Швеция, БАӘ, Оңтүстік Корея, Ресей, Канада, Египет, Грекия, Польша, Шотландия, Түркіменстан, Таиланд, Вьетнам сынды әлем елдерінің оқушылары қатысып, ғылыми жобаларын ұсынды.
Бұл олимпиададағы жеңіс – ғылыми-зерттеу жұмысының жоғары деңгейін дәлелдейтін маңызды жетістік әрі ғылым мен медицина саласында одан әрі дамуға жасалған үлкен қадам болғаны сөзсіз. Кезекті жеңісімен Айзерені ұжым атынан құттықтаймыз!