logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Сарбаз ару - 2026»

05 наурыз 2026 17:05

Атыраудағы NIS-те «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай ұйымдастырылған «Сарбаз ару - 2026» байқауы өз мәресіне жетті. 11-12 сынып оқушылары арасында өткен сайыс жас арулардың тек нәзіктігін ғана емес, олардың батылдығы мен жан-жақтылығын айқын көрсетті.

Байқаудың басты мақсаты – ұлттық патриотизмді дәріптеу, қыздардың ептілігін дамыту, сондай-ақ әскери дайындық пен алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын шыңдау болды. Қатысушылар пневматикалық қарудан нысана көздеп ату, АК-74 қаруын шашып-жинау, алғашқы медициналық көмек көрсету және АӘжТД пәні бойынша теориялық сұрақтарға жауап беру кезеңдерінде өз білімдері мен шеберліктерін сынға салды. Сонымен қатар, еркін сайыс бөлімінде өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін де танытты.

Сайыс барысында қатысушылардың жинақылығы, жылдамдығы мен жауапкершілігі ерекше байқалды. Әділқазылар алқасы әр кезеңді мұқият бағалап, үздіктерді анықтады. Нәтижесінде жеңімпаздар мектеп директорының дипломдары және алғыс хаттарымен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.