Жаңалықтар
Әкелер тәжірибелерімен бөлісті
04 наурыз 2026 12:14
Атыраудағы NIS-тің «Әкелер клубы» мүшелері 10 «Е» сынып оқушыларымен бірлесіп, өнер сабағы аясында ерекше іс-шара ұйымдастырды. Атап айтқанда, оқушылар әкелермен бірге ағаштан корнхол ойынын жасап шығарды.
Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға еңбекке баулу, қолөнер дағдыларын дамыту және әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту болды. Жұмыс барысында қатысушылар ағашты өлшеу, кесу, құрастыру және безендіру кезеңдерін бірге атқарды.

Бірлескен еңбек нәтижесінде сапалы әрі қолдануға дайын корнхол ойыны жасалды. Оқушылар үшін бұл тек шығармашылық жұмыс қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, жауапкершілікті сезіну және командалық жұмысты дамыту мүмкіндігі.
Осындай бірлескен жұмыстар мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.