Жаңалықтар
NIS оқушылары Maqsut Narikbayev University өкілдерімен жүздесті
13 ақпан 2026 13:02
Атыраудағы NIS зияткерлері кәсіби бағдар алу мақсатында Maqsut Narikbayev University өкілдерімен кездесті. Университет амбассадорлары жүздесу барысында білім беру бағдарламалары мен оқу бағыттары туралы толық ақпарат берді.
11-12 сынып оқушылары жиынға белсенді қатысып, оқуға түсу талаптары, грант мүмкіндіктері, студенттік өмір және болашақ мансап жайлы өз сауалдарын жолдады.
Кездесу соңында қатысушыларға шағын естелік сыйлықтар табысталды.