Жаңалықтар
«Абай мұрасы – мәңгілік қазына»
11 ақпан 2026 08:09
Атыраудағы NIS-те «Жүректің көзі ашылса...» атты әдеби-композициялық кеш өтті. Аталмыш кеште мектеп оқушылары Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып, кейбірі өзіндік ішкі толғанысын монолог арқылы көрермен жүрегіне әсерлі жеткізсе, кеш қонағы, Атырау облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Атырау Жастар театрының» актерлері Абай шығармаларын сахна тілімен көркемдеп жеткізіп, зияткерлік мектеп оқушылары мен мектеп ұжымының құрметіне бөленді.
Кеш барысында көрермендер ұлы ақынның пәлсафалық ой-толғамдарының тереңіне үңіліп, мәнді сөз бен әдемі атмосфераның куәсі болды.