logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

NIS-ке алғашқы қадам

03 ақпан 2026 09:06

Атыраудағы NIS-те жалпы білім беретін мектептер оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында қатысушылар үшін карусель форматындағы танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында оқушылар Зияткерлік мектептің оқу-тәрбие бағыттарымен жан-жақты танысты. Оларға түрлі пәндер бойынша тәжірибелік жұмыстар, инженерлік және робототехника жобалары, сан алуан биологиялық, химиялық, физикалық эксперименттер, сондай-ақ хореография, вокал, телемектеп және театрлық шеберлік бағытындағы үйірмелердің жұмысы таныстырылды.

Ашық есік күні оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, олардың білімге деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ Зияткерлік мектептің мүмкіндіктерін жақынырақ танып-білуге мүмкіндік бергені сөзсіз.