logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Үш ізгі іс»

30 қаңтар 2026 14:15

Аталған жоба аясында Атыраудағы NS жанындағы жатақхана зияткерлері тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 облыстық арнайы мектеп-интернатқа барды.

Оқушылар жүрекжарды жылы лебіздерін білдіріп, тәттілер мен түрлі сыйлықтар тарту етті. Сонымен қатар, балаларға арнап қызықты ойындар ұйымдастырып, би билеп, бірге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш барысында бүлдіршіндер «Армандар картасын» құрастырып, қиялдарындағы арман-тілектерін қағаз бетіне түсірді. Өз болашақтарына деген үміттері мен жоспарларын ортаға салып, бір-бірімен ой бөлісті. Қысқа ғана уақыттың ішінде балалар бір-біріне бауыр басып, ізгі тілектерін арнап та үлгерді.