logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурс өтеді

27 қаңтар 2026 12:14

Құрметті педагогтар, ЖОО бітіруші курстарының студенттері, магистранттары және докторанттары!

Cіздерді дарынды және талантты балаларды оқытатын қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің бірегей қоғамдастығында жұмыс істеуге шақырамыз!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен, Орал, Шымкент қалаларының 22 Зияткерлік мектептерінде бос лауазымдарға орналасуға және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық резервін қалыптастыруға конкурс жариялайды.

Сіздерді педагогикалық қызметкерлердің: химия, математика, информатика пән мұғалімдерін, педагог-кітапханашы, жатақхана тәрбиешісінің көмекшілерін конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Зияткерлік мектепте қызмет атқара отырып, Сіз:

Халықаралық Мектептер Кеңесі (CIS)аккредиттеген мектептерде ұлттық компоненті бар білім беру бағдарламалары бойынша үш тілде оқытуға ;

өндірістен қол үзбей Назарбаев университетінің магистратура бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыруға және оқуға;

тәжірибелі мұғалім ретінде, оқушылар мен мұғалімдерге арналған бағдарламалар мен оқулықтар мен бағалау құралдарын әзірлеу жөніндегі маман ретінде, мұғалімдерді оқыту жөніндегі жаттықтырушы, мектеп басқарушысы ретінде мансаптық өсуге мүмкіндіктер аласыз.

Бәсекеге қабілетті жалақы мен тартымды әлеуметтік пакет кепілдендірілген.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер:

Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның ресми сайтына өтіңіз (www.nis.edu.kz);

Сайттың бастапқы бетіндегі «Бос орындар» бөліміне өтіңіз;

«Зияткерлік мектептер» бөлімін таңдаңыз;

«Педагогикалық қызметкерлер» бөлімін таңдаңыз;

Конкурс өтетін орынды/мектепті таңдаңыз;

«Конкурсқа қатысу»-ды басуы және қажет етілген ақпаратты енгізңіз;

электрондық түйіндемені тіркеңіз «+файл»;

«Түйіндемені жіберу»-ді басу қажет.

Назарларыңызға: Қажет етілген ақпаратты толық түрде енгізу міндетті болып саналады.

Конкурстың (тестілеудің) бірінші кезеңі 2026 жыл, ақпанның 25 күні өтеді

Тіркелу уақыты: 14:00 Атырау қ. уақытымен

Басталу уақыты: 15:00 Атырау қ. уақытымен

Ұзақтығы: 2 сағат 10 минут.

Өткізу орны: Атырау қаласы, Нұрсая ы-ауданы, Елорда даңғылы, № 22 ғимарат,

Атырау қаласындағы «жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалы

Өзіңізбен бірге жеке куәлік алып келуіңіз сұралады!