Жаңалықтар
NIS Атырау оқушылары First Lego League байқауында жеңіске жетті
21 қаңтар 2026 14:15
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары First Lego League (FLL) робототехника бойынша халықаралық турнир кезеңінде жоғары нәтижелер көрсетті және Kazakhstan Central Asia first Championship республикалық кезеңінде өңірдің атынан өкілдік ету құқығын жеңіп алды.
Samgaurpaq және Ignis командалары инженерлік дайындықтың жоғары деңгейін, техникалық процестерді терең түсінуді және тиімді топтық жұмысты көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда Батыс Қазақстанның мықты командалары арасында бәсекеге қабілеттілігін растай отырып, Орталық Азия елдері арасындағы кезеңге қатысуға квота алды.
Команда жетекшісі - Нұрлан Мағзомұлы оқушыларды бірнеше айдан бері терең дайындап, байқау дәрежесіне сәйкес озық иделялармен қолдау білдірді.
Республикалық кезең Орталық Азияның оннан астам елдерінің командаларын біріктіреді және тәжірибе алмасу, STEM-құзыреттерді дамыту мен инновациялық инженерлік шешімдерді іске асыру үшін маңызды платформа болады.