logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Батырхан Шеруен Жәутіков олимпиадасынан қола медаль иеленді

13 қаңтар 2026 14:15

Атыраудағы NIS оқушысы Батырхан Шеруен халықаралық деңгейдегі беделді білім сайысы – XXII Халықаралық Жәутіков олимпиадасына физика пәні бойынша қатысып, қола медаль иеленді.

Әлемнің 16 елінен келген 612 дарынды оқушыны біріктірген олимпиадада жеңіс тұғырынан көріну - жоғары дайындық деңгейінің, білімге деген құштарлықтың шынайы көрінісі.

Айта кетейік, аталған додада NIS оқушылары жалпы саны 19 жүлдеге ие болды.