logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Таир Тұрсынқан жеңіспен оралды

06 мамыр 2026 11:17

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Таир Тұрсынқан Institution of Engineering and Technology ұйымы ұйымдастырған UK FIRST LEGO League Championship халықаралық робототехника чемпионатына қатысты

Чемпионатқа Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Германия және Словакияны қоса алғанда, түрлі елдерден 68 команда қатысты. Бәсекелестіктің жоғары деңгейі қазақстандық команданың жеңісін ерекше маңызды әрі беделді етеді.

Робототехника жарыстарынан бөлек, қатысушылар Қазақстанның археологиялық артефактілерінің «artifacts.kz» онлайн деректер базасы атты инновациялық жобасын ұсынды. Қорғау барысында команда жобаны әзірлеудің толық циклін — ғылыми зерттеу мен тұжырымдамадан бастап, техникалық іске асыруға және бейінді институттармен өзара іс-қимылға дейін — жан-жақты көрсетті.