logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Мектебімізде «Қоғамға қызмет ету» және «Тәлімгерлік» жобаларының қорытынды көрмесі өтті

18 мамыр 2026 16:50

Астана-Нұра НЗМ қабырғасында жыл бойы жалғасқан «Қоғамға қызмет ету» және «Тәлімгерлік» міндетті жобаларының қорытынды көрмесі ұйымдастырылды. Жоба шарты бойынша 11-сынып менторлары жыл бойы 8-сынып оқушыларына жол көрсетіп, олардың идеяларын жүзеге асыруға көмектесті.

Көрме барысында оқушылардың жасаған жұмыстары әлеуметтік мәселелерді аша білгені байқалды. Жобалар арасында қарттарға көмек көрсету мен мұқтаж жандарға қамқорлық жасау сияқты әлеуметтік қолдау шаралары, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты аялауға арналған экологиялық жұмыстар, сондай-ақ кіші сынып оқушыларына тәжірибе бөлісу арқылы білім беру жобалары кеңінен қамтылды.

Оқушылар барлық жұмыс барысын, зерттеулері мен рефлексияларын MS Sway платформасындағы цифрлық портфолиоларында бекітіп, көпшілік назарына ұсынды. Шара соңында тәлімгерлер мен кураторлар оқушылардың еңбегін арнайы дескрипторлар бойынша бағалап, жоба нәтижелерін қорытындылады. Бұл бастама оқушыларды тек білімге ғана емес, сонымен қатар айналасына мейірім төгіп, пайдалы өзгерістер жасауға үйрететін маңызды тәрбие құралына айналды.

Фотогалерея

image-