Жаңалықтар
Дүниежүзілік бағдарлау апталығы аясында спорттық бағдарлаудан жарыс өтті
18 мамыр 2026 16:36
Бүгін мектебімізде «World Orienteering Week» атты спорттық бағдарлауды танымал етуге бағытталған жаһандық жоба аясында арнайы жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараға 7-сынып оқушылары, ата-аналар және Астана қаласы мектептерінің география пәні мұғалімдері қатысты.
Қатысушылар карта мен компасты пайдалана отырып, белгіленген бақылау нүктелерін рет-ретімен тауып мәреге жетуде бақ сынасты. Шара соңында қатысушылар бағдарлау спортының қыр-сырымен танысып, жаңа хоббиге қызығушылық танытты. Осылайша, мектебіміздің оқушылары мен қонақтары дүниежүзілік спорттық қозғалысқа өз үлестерін қосты.