Жаңалықтар
«Алаш және экономика»: НЗМ ұстазы тарихи деректі фильмге кеңесші болды
15 мамыр 2026 16:17
14 мамырда Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханұлының 160 жылдық мерейтойына арналған «Алаш және экономика» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильмге белгілі алаштанушы-ғалымдар Тұрсын Жұртбай, Сұлтан хан Аққұлұлы сынды тұлғалармен бірге мектебіміздің тарих пәні мұғалімі, білікті маман Ержан Өмірханұлы арнайы спикер ретінде қатысты.
Банк ісі, салық саясаты, кооперацияны дамыту туралы жаңа мұрағат деректері таныстырылды. Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Райымжан Мәрсекұлы, Әнияр Қожабайұлы тағы да басқа қайраткерлердің экономика туралы тың ойлары қоғам назарылана ұсынылды.
Ержан Өмірханұлы – ұстаздықпен бірге, тың ғылыми жұмыстарды қоғам назарына ұсынуда.
Біздің мектепте осындай кең тынысты, өз ісінің кәсіби маманы еңбек ететінін мақтанышпен айтамыз!