logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

НЗМ Астана-Нұра мектебінің оқушылары «ER QANATY JUNIOR» жобасына қатысты

15 мамыр 2026 15:27

Нұра ауданында орналасқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 сынып оқушылары «Құлагер» этно-сауық кешенінде өткен «ER QANATY JUNIOR» жобасына қатысты. Этно-танымдық шара жасөспірімдердің бойында ұлттық кодты қалыптастыру мен жылқы мәдениетін дәріптеуді мақсат етеді.

Бағдарлама аясында оқушылар жылқының физиологиялық ерекшеліктерімен танысып, атқа міну әліппесін меңгерді. Сонымен қатар, зияткерлер садақ ату, асық ату және арқан тартыс секілді ұлттық ойындарда бақ сынап, мергендік пен командалық бірлікті паш етті.