Жаңалықтар
НЗМ Астана-Нұра оқушысы Исмаилбаев Хайдар триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлде алды
13 мамыр 2026 15:48
НЗМ Астана-Нұра оқушысы Исмаилбаев Хайдар 2026 жылғы 9 мамырда Түркістан қаласында өткен триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионатында күміс жүлде алды. Ол супер-спринт қашықтығында өнер көрсетті. Жарысқа 8 өңірден 130-ға жуық спортшы қатысты.
Хайдар Қытайда өтетін жастар ойындарына жолдама алды.
Зияткерімізді, ұстаздары мен ата-анасын осы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы Қытайдағы жарысына сәттілік тілейміз!