Жаңалықтар
NIS Астана-Нұра оқушылары экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды
06 наурыз 2026 10:22
Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 9–11(12) сыныптар арасында өткен экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары атанды.
Жүлделі І орынды 11 «К» сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан иеленді. Аналитикалық ойлау қабілетін көрсеткен Батырхан өз пәні бойынша абсолютті жеңімпаз атанды. Оқушының дайындығына жетекшісі Айнаш Ақшалова айтарлықтай үлес қосты. ІІІ орынға 11 «С» сынып оқушысы Дарын Семейханов ие болды. Дарын қаржылық құралдарды шебер меңгергенін көрсетіп, ең мықты қатысушылардың қатарынан көрінді.
Мектеп әкімшілігі жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін лайықты жеңістерімен құттықтайды. Бұл жеңіс оқушылардың жүйелі еңбегі мен жоғары зияткерлік әлеуетінің нәтижесі. Жас зияткерлерге сарқылмас шабыт тілейміз!