logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

🌱NIS Астана–Нұра оқушысы Ақнар Сансызбай «Зерде» республикалық байқауының жүлдегері атанды

02 ақпан 2026 10:02

Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ақнар Сансызбай мектеп оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсында жүлделі III орынды иеленді. Зияткеріміз «Туризм және спорт» секциясы бойынша өз жобасын сәтті қорғап, жаратылыстану-математикалық бағыттағы терең білімі мен ізденімпаздығын көрсетті.

Жүлдегердің ғылыми жетекшілері Айнұр Қыдырмолдина мен Эльмира Омарханованың тәлімгерлігімен ауқымды зерттеу жұмысы жүргізілді.

Айта кетейік, «Зерде» республикалық конкурсы оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Ол өскелең ұрпақтың инженерлік және логикалық ойлау қабілетін қалыптастыруға ықпал етіп, жаратылыстану-математикалық бағыттағы дарынды мектеп оқушыларын қолдауды мақсат етеді.

Ақнарды және оның жетекшісін лайықты жеңіспен құттықтаймыз!