Хабарландырулар
«Әкенің үлгісі – баланың болашақ таңдауы» атты Әкелер форумына шақырамыз!
Құрметті ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!
Сіздерді «Әкенің үлгісі – баланың болашақ таңдауы» атты Әкелер форумына қатысуға шақырамыз. Жиын барысында өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің рөлі мен баланың кәсіби бағдар алуына үлгі болу мәселелері талқыланады.
Кездесу спикерлері:
Бекдайыр Нығметұлы – Қоғам белсендісі, Астана қаласы әкелер одағының төрағасы;
Джолдасбаев Қайрат – Адам ресурстарын басқару саласындағы сарапшы;
Спандияров Ердос Ерманович – Сарапшы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері;
Әділ Орынбасарұлы – «Ер қанаты» жобасының авторы.
Өтетін орны: Астана қаласы Нұра ауданындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (Хусейн бен Талал көшесі, 21, мектептің акт залы).
Өтетін күні: 21 ақпан 2026 ж.
Уақыты: 11:00.
Болашақ ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамай, бірге талқылайық!