Оқуға түсушілерге арналған ақпарат
Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2026–2027 оқу жылына 5, 7, 8, 9 және 11-сыныптарға ақылы негізде оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.
5–сыныпқа өтініштерді қабылдау:
Өтініштерді қабылдау басталатын күн: 2026 жылғы 27 сәуір
Іріктеу тестілеуі және сұхбат: 2026 жылғы 2 мамырдан бастап
Құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 26 мамырдан бастап
Оқу құны: жылына 2 800 000 теңге (жатақхана қарастырылмаған)
7, 8, 9 және 11-сыныптарға өтініштерді қабылдау:
Өтініштерді қабылдау басталатын күн: 2026 жылғы 8 мамыр
Іріктеу тестілеуі және сұхбат: 2026 жылғы 16 мамырдан бастап
Құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 26 мамырдан бастап
Оқу құны: жылына 3 800 000 теңге ( жатақханасыз, ҚР азаматтары үшін )
Өтініштерді қабылдау уақыты мен орны:
Уақыты: 08:30–16:30 (дүйсенбі–жұма)
Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Мәңгілік ел 8
Call-орталық байланыстары: +7 702 490 38 58