logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Оқуға түсушілерге арналған ақпарат

2026-2027 оқу жылына 7-12 сыныпқа өтінім қабылдау

Құрметті ата-аналар!

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2026–2027 оқу жылына 7, 8, 9 және 11-сыныптарға ақылы негізде оқушылар қабылдайтынын хабарлайды.

Назарбаев Зияткерлік мектебі – армандарды нақты мақсатқа айналдыратын білім кеңістігі. Бұл жерде оқушы тек білім алып қана қоймай, өз қабілетін ашып, болашақ бағытын айқындайды. Халықаралық деңгейдегі бағдарлама мен шабыттандыратын орта үлкен жетістіктерге жетелейді.

7-сыныпқа өтініштерді қабылдау:

Өтініштерді қабылдау басталатын күн: 2026 жылғы 8 мамыр

Іріктеу тестілеуі және сұхбат: 2026 жылғы 16 мамырдан бастап

Құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 26 мамырдан бастап

Оқу құны: жылына 3 миллион 800 мың теңге

 

8, 9 және 11-сыныптарға өтініштерді қабылдау:

Өтініштерді қабылдау басталатын күн: 2026 жылғы 27 сәуір

Іріктеу тестілеуі және сұхбат: 2026 жылғы 2 мамырдан бастап

Құжаттарды қабылдау: 2026 жылғы 26 мамырдан бастап

Оқу құны: жылына 3 миллион 800 мың теңге

2026–2027 оқу жылында оқушыны оқыту және тәрбиелеу (жатақханада тұру есебімен) – 5 миллион 900 мың теңге.

Қабылдау конкурстық негізде (7-сыныпқа конкурстық іріктеуден бөлек) жүргізіледі. Оқуға қабылдау нәтижелері талапкерлердің қабылдау емтихандарын сәтті тапсыруына байланысты анықталады.

Қабылдау 7–11 сыныптар аралығында жүргізіледі.

Өтінім толтыруға қажетті құжаттар:

-       Оқушының туу туралы куәлігі;

-       Ата-ананың жеке басын куәландыру құжаты;

-       Мектепке қабылдану туралы өтініш (оқу орнынан форма беріледі)

-       Банк есепшотының номері;

-       Өтініштерді қабылдау уақыты мен орны:

-       Уақыты: 08:30–16:30 (дүйсенбі–жұма)

-       Мекенжайы: Ақтау қаласығ 33 шағын аудан, 16 ғимарат

-       Call-орталық байланыстары: + 7 707 526 17 16