logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Аталар ерлігі - ұрпаққа аманат

13 мамыр 2026 12:10

Жеңіс күні қарсаңында білім ордамызда «Аталар ерлігі – ұрпаққа аманат» атты тағылымы мол шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Тағылымды шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық еңбегін ұмытпауға тәрбиелеу.

Кеш барысында 7–8 сынып оқушылары соғыс жылдарындағы рухты әндерді орындап, майдан даласындағы батырлардың ерлігі туралы тебіреніске толы монологтар оқыды. Оқушылардың сахнадағы шынайы эмоциясы мен әсерлі қойылымдары көрермен көңіліне ерекше әсер сыйлады.

Іс-шара аясында оқушылар Маңғыстау өңірінен шыққан соғыс және еңбек ардагерлері туралы зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардың өмір жолы мен елге сіңірген еңбектері жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Бұл жұмыстар жас буынның тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ата-баба ерлігіне деген құрметін нығайтты.

– Бүгінгі ұрпақ бейбіт өмірдің қадірін түсініп, ел тыныштығы жолында жанын қиған батырлардың ерлігін әрдайым есте сақтауы тиіс. Осындай кештер арқылы біз оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып, патриоттық рухын көтеруді мақсат етеміз, – дейді тарих пәні мұғалімдері.

Кеш соңында өнер пәні бірлестігі ұстаздарының жетекшілігімен оқушылар «Смуглянка», «Катюша» әндерін хормен орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

✨ Батырлар ерлігі – мәңгілік жадымызда!

#ЖеңісКүні #9Мамыр #АталарЕрлігі #NISAktau #ҰрпаққаАманат

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-