Жаңалықтар
Түлектер жатақханамен қоштасты
13 мамыр 2026 09:30
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасында 2025–2026 оқу жылының түлектеріне арналған әсерлі қоштасу кеші өтті. Кеш барысында болашақ түлектерге арнап қызықты ойындар ұйымдастырылып, жылы естеліктер айтылып, жүрекжарды тілектер жолданды.
Бес жыл бойы оқушыларға қамқорлық танытып, екінші отбасына айналған жатақхана тәрбиешілері түлектерге ақ жол тілеп, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі.
– Түлектеріміз Мұнайлы ауданынан, Жаңаөзен, Алматы және Астана қалаларынан келіп білім алды. Осы уақыт ішінде жатақхана ұжымы оқушыларымызға отбасы жылуын сезіндіруге тырыстық. Енді үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектеріміз бізді ұмытпайды деп сенеміз, – дейді жатақхана тәрбиешісі Жұмагүл Мизамбаева.
Айта кетейік, биыл мектеппен 128 түлек қоштасса, оның 10-ы – жатақхана тәрбиеленушілері. Бұл кеш олардың мектеп қабырғасындағы ең жарқын естеліктерінің біріне айналды.