Жаңалықтар
Ақтаулық оқушылар «PRO ECO» экологиялық жобалар конкурсынан жүлделі оралды
13 мамыр 2026 11:35
Астана қаласында 28-30 сәуір аралығында 5-8 сынып оқушылары арасында өткен «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңінде Ақтаудағы NIS оқушылары жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда:
Балабай Байтұрсын Аманжолұлы - І орын
Жетекшісі: Сәния Дауталиева Озганбай Еркеназ Ахметқызы – ІІІ орын
Жетекшісі: Анар Бердібекова
Абдураим Нұрдәулет Жоналиұлы – ІІІ орын
Жетекшілері: Лаура Бекешова, Жанат Қоңырбаева Мусиралиев Мансур Асхатұлы – ІІІ орын
Жетекшісі: Жаннұр Мауытова
Білім ордасының оқушылары «Мені қоршаған әлем-ғажайып әлем», «Туған өлке табиғаты», «Таза қала сізден басталады» бағыттары бойынша өз жобалары мен идеяларын көпшілік алдында қорғады. Оқушыларымыз бен олардың жобаларына жетекшілік етіп, бағыт-бағдар берген ұстаздарымызды жеңісімен құттықтаймыз!