Жаңалықтар
Цифрлық ғасырдағы бала:экран,желі және тәуелділігі
28 сәуір 2026 11:13
«Ата-аналар университеті» жобасы аясында білім ордасының 9-10 сынып оқушыларының ата-аналарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жаннұр Мауытова «Цифрлық ғасырдағы бала:экран,желі және тәуелділігі» тақырыбында семинар өткізді. Шараның басты мақсаты – қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі электронды гаджетке тәуелділіктің алдын алуға атсалыстыру, тиімді шешімдерді бірге іздеуге баулу.
Семинар барысында Жаннұр Қалыбайқызы, ата-аналарға гаджеттердің артықшылығы мен кемшілігін көрсету секілді түрлі брейн-шторм тапсырмалар, практикалық жұмыстар орындатып, мәселенің шешімін бірге іздеді.
«Ата-аналар университеті» жобасының үйлестірушісі Ләззат Есенгазинаның сөзінше, кез-келген гаджетті сауатты қолдануды бақылау ата-ана үшін басты назарда болуы тиіс. Білім ордасында семинар, жиындардың жиі өткізілуінің де сыры осыда.