logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

"Даналық дода" желілік ойыны өтті

22 сәуір 2026 12:34

Рухани-адамгершілік тәрбие апталығы аясында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жатақханасының ұйымдастыруымен Атырау және Түркістан қалаларындағы НЗМ жатақхана оқушылары арасында “Даналық дода”атты желілік интеллектуалды сайыс өткізілді.

Сайыс барысында қатысушылар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ата-бабамыздан қалған асыл мұра — мақал-мәтелдер бойынша білімдерін сарапқа салды. Оқушылардың логикалық ойлауын ұштауға бағытталған бірнеше кезеңнен тұратын дода тартысты әрі қызықты өтті.

Фотогалерея

image-
image-
image-