Жаңалықтар
Ақтаулық оқушылар республикалық олимпиаданың үздіктері
25 наурыз 2026 14:00
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен Қостанай және Астана қалаларында өткен информатика, математика, физика және биология пәндері бойынша республикалық олимпиадаға қатысқан оқушыларымыз жоғары нәтижелер көрсетті.
Байқау қорытындысына сәйкес мектебіміздің оқушылары үздіктер қатарына еніп, жүлделі орындарға ие болды.
Информатика
Азамат Жолжан – ІІ орын
Жетекшісі: Пирнепесов Жеңіс Ақмұратұлы
Математика
Ержан Сарталиев -ІІІ орын
Жетекшісі: Кенжанов Алмас Ғалымбекұлы
Физика
Мейіржан Құдабаев -ІІ орын
Жетекшісі: Бекешова Лаура Дохтырбайқызы
Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ұлттық олимпиадалық резерв құрамына енгізіліп, Қазақстан атынан халықаралық зияткерлік жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жылдар бойы оқушыларымызды республикалық олимпиадаға дайындаған ұстаздарымыз бен білім додасында үздіктер қатарынан көрінген оқушыларымызды жеңіспен құттықтаймыз!