logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Зияткерлер Ташкенттегі халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

26 наурыз 2026 15:00

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған "Жас art DANCE" би ансамблі  23-26 наурызда Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен халықаралық «Tashkent Talent Fest» байқауында бас жүлдені жеңіп алды. Сайысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан елінен 500-ге жуық бала қатысып, үш номинацияда бақ сынады.

Ақтаудағы NIS  оқушылары «Хореография» номинациясында бақ сынап, «Той думан» биін көпшілікке таныстырды. Ал байқаудың ашылу салтанатына «Мереке» биін көпшілікке таныстырды. Оқушылардың жетекшісі Үлбір Саматқызының сөзінше, ансамбль мүшелерінің басты мақсаты - билеп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүрін ерекше форматта таныстыру болды.

-                     Хореография би ғана емес, бұл жүрек үнін, әр түрлі оқиғаларды, ойды, идеяны жетккізу. Біз бидің концепцциясын толығымен өзіміз ұйымдастырамыз. Сол себепті де идея көпшіліктің көңілінен шықты деген ойдамын, - дейді Үлбір Саматқызы.

Оқушыларымыз бен жетекшісі Үлбір Саматқызын жеңіспен құттықтаймыз!

Фотогалерея

image-
image-