Жаңалықтар
Зияткерлер театр актерларымен кездесті
20 наурыз 2026 14:41
Ақтаудағы NIS жатақханасының оқушылары Маңғыстау облыстық Н. Жантөрин Атындағы музыкалық драма театрының актерлары Жантілеу Болатұлы мен Еркебұлан Ибрахимұлымен кездесті. Шара «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасының аясында ұйымдастырылды.
Жантілеу Болатұлы мен Еркебұлан Ибрахимұлы Абай және Құнанбай рөлдерін сомдаумен танымал.
Кездесу барысында оқушылар актерларға сауалдарын қойып, мамандықтың қыр-сырына үңілді. Актерлар сахна сыртындағы өмір, актерлік шеберлік, ролдердің сипаттамасына тоқталып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
- Зияткерлер Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының қойылымдарына жиі барады. 27 наурыз – Бүкіләлемдік Театр күні. Сол себепті де театр актерларын қонақ ретінде шақырып, айтулы датаны атап өткіміз келеді. Театр мәдениеті, қойылым жанрлары туралы әңгімелер оқушыларға көп ой салды деп ойлаймын, - дейді жатақхана меңгерушісі Сайра Еркебайқызы.