logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

НАУРЫЗНАМА: КӨРІСУ КҮНІ

17 наурыз 2026 09:00

Ақтау қаласындағы жаратылстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға арналған 10 күндік іс-шаралар басталды. Наурызнама жоспарына сәйкес мектеп ұжымы мен оқушылары көрісу күнін атап өтті. Биылғы көрісудің ерекшелігі әдістемелік бірлестік пен шаңырақаралық көрісу ұйымдастырылғандығында болды.

 

-          Мектеп оқушылары ұстаздармен жақынырақ танысып, үлкенге құрмет білдіру мақсатында биыл шаңырақ оқушыларын ұстаздарға көрісіп баруды ұйымдастырдық. Әдістемелік бірлестік жетекшілерінің дайындығы жоғары екенін байқадық. Балаларға ұлттық астан дастархан жайып, өнегелі әңгімелерін айтты, салт-дәстүрден үзінділер көрсетті, - дейді педагог-куратор Динара Серікқызы.

 

Көрісу күнінде «Қазақ және орыс тілі пәні әдістемелік бірлестігі» оқушыларға бесікке салу дәстүрін көрсетіп, тыштырма салтын жасады. Балалар таратылған тәттілерге мәз-мәйрам болды.

«Наурызнама» жоспарына сәйкес білім ордасында кураторлық сағаттар ұйымдастырылып, ұлттық ойындардан шеберлік сағаты, ұлттық киім күні аталып өтілмек.

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-