Жаңалықтар
NIS AKTAU ЖҰМА САЙЫН ҰЛТТЫҚ КИІМ КИЕДІ
13 наурыз 2026 11:35
Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы мен оқушылары 2025-2026 оқу жылының басынан бастап әр жұма сайын «Ұлттық киім күнін» атап өтеді. Олар бұл күні күнделікті киімге ұлттық киімді киіп жүреді.
Бастаманы білім ордасының тәрбие бөлімі қыркүйек айында бастаған. Шараның басты мақсаты – қазақтың ұлттық киімін бүгінгі күнге, заманауи стильге үйлестіріп киюді енгізу, балалардың ұлттық киімге махаббатын арттырып, сән қалыптастыру.
Білім ордасының педагог-кураторларының сөзінше, бастапқыда үнемі еске салумен басталған. Кейін қызметкерлер де, оқушылар да үйреніп, өздері кәжекей, бешпент, камзол, тақия киіп келетін болған. Қыз балалар сырға шекелік, шашбау тағуды сәнге айналдырыпты.
- Осындай дәстүр бар екенін естіген 7-сынып ата-аналары шабыттанып, сынып болып кәжекей тіктірді. Енді әр жұма сайын оқушыларымыз өз стилімізде кәжекей киіп жүреді, - дейді 7 «А» сынып оқушысы «Бозжыра» шаңырағының жетекшісі Әйгерім Қуанханқызы.
Сонымен қатар, бұл күні мектеп ұжымы қазақтың мақал-мәтелдеріне қатысты шара өткізеді. Бір жолы активити ойын ұйымдастырлса, бір жолы сыныптар арасында жарыс, бір жолы жаңа мақал-мәтелдермен танысу түрінде жүреді. Зияткерлік мектеп мұны өзгешелік деп емес, қалыпты деп қабылдау қажеттігін айтады.