Жаңалықтар
Мектеп жатақханасы аналарға мерекелік кеш ұйымдастырды
06 наурыз 2026 14:42
Білім ордасының жатаханасының 7-сынып оқушылары ата-аналарына арнап 8 Наурыз мерекесіне арналған әсерлі кеш сыйлады. Кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, өлең оқып, аналарына жүректен шыққан жылы тілектерін арнады. Балалардың шынайы сөздері мен ықыласын тыңдаған аналар толқып, көздеріне жас алып қалды.
Мерекелік кеште жатақхана меңгерушісі Сайра Еркебайқызы ата-аналарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кеш соңында топ қыздарына ұлдар атынан гүл шоқтары табысталып, мереке ерекше көңіл күймен аяқталды. 💐