Хабарландырулар
Ақтау қаласы, 33-шағынаудан, 16-ғимарат мекенжайында орналасқан аудиторияны мүліктік жалға (жалға алу) беру бойынша «Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» жаратылыстану-математикалық бағыттағы филиалында конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның жаратылыстану-математикалық бағыттағы филиалы (бұдан әрі – Филиал) Ақтау қаласы, 33-шағынаудан, 16-ғимарат мекенжайында орналасқан аудиторияны мүліктік жалға (жалға алу) беру бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жалға берілетін 5-302 аудиториясының жалпы ауданы – 43,7 ш.м.
Жалдау мерзімі: 2026 жылғы 02 наурыздан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
Жалдау уақыты:
– жұмыс күндері (сәрсенбі, бейсенбі, жұма) сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін;
– демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін.
Нысан мүлікпен бірге, нысаналы мақсатына сәйкес (тұрғын емес үй-жай – жеке консультациялар өткізу үшін) жалға беріледі.
Әлеуетті жалға алушы конкурсқа өтінім беру кезінде хабарландыруда көрсетілген мерзім мен уақыт шегінде жалға алу күндері мен уақытын таңдауға құқылы. Таңдалған уақыт пен күндер өтінімде міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Бір сағаттық жалдау ақысы осы хабарландырудың 1-қосымшасына сәйкес есептелген жалдау құнынан төмен болмауы тиіс.
Алғашқы айдың жалдау ақысы Шартқа тараптар қол қойған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде төленеді.
Кейінгі айларда жалдау ақысы әр айдың үшінші күніне дейін төленуі тиіс.
Жалға алушы ай сайын көрсетілген қызметтер актісін ұсынуға міндетті.
Егер жалға алушы ағымдағы айда жеке консультациялар өткізбеген болса, ұсынылған акт негізінде жалдау ақысы төленбейді.
Өтінімдер 2026 жылғы 10 ақпан сағат 10:00-ден бастап 2026 жылғы 24 ақпан сағат 10:00-ге дейін жабық конверттерде мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 33-шағынаудан, 16-ғимарат, 3-қабат, кеңсе.
Тел.: 8 (7292) 70-10-60 (ішкі 3302).
Әлеуетті жалға алушылардың өтінімдері бар конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссия отырысы 2026 жылғы 26 ақпанда сағат 14:00-де осы мекенжайда (3-қабат, мәжіліс залы) өткізіледі.
Тел.: 8 (7292) 70-10-60 (ішкі 3302).
Өтінімге қойылатын талаптар
Әлеуетті жалға алушылар жабық конвертке салынған өтінім ұсынады. Өтінім:
– тігілген, беттері нөмірленген болуы;
– соңғы беті қол қойылып (және бар болса мөрмен) куәландырылуы тиіс.
1) Заңды тұлғалар үшін
Бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қойған (және бар болса мөр басылған) өтінім.
2) Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшін
Бірінші басшы немесе уәкілетті тұлға қол қойған (және бар болса мөр басылған) өтінім.
3) Жеке тұлғалар үшін
Қол қойылған өтінім.
Өтінімде мыналар көрсетіледі:
байланыс деректері (атауы, заңды мекенжайы – заңды тұлғалар үшін, жеке куәлік нөмірі – жеке тұлғалар үшін, тұрғылықты мекенжайы, банк деректемелері);
жалға алу мақсаты;
жалға алу мерзімі (уақыты);
үлгілік шарт жобасымен және осы Қағидалармен танысқаны және келісетіні туралы растау;
ұсынылатын жалдау ақысы (белгіленген ең төменгі мөлшерден кем болмауы тиіс);
техникалық сипаттама және өзге де ұсыныстар (инвестициялар, бөлінетін және бөлінбейтін жақсартулар жүргізу жұмыстары және т.б.).
Қоса берілетін құжаттар
Нотариалды куәландырылған көшірмелер немесе egov.kz порталынан алынған анықтамалар:
Заңды тұлғалар үшін:
– мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе eGov порталынан алынған электрондық анықтама;
– қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
– жеке тұлғаның сотталмағаны туралы анықтама;
– наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрмайтыны туралы анықтамалар.
ЖК (заңды тұлға құрмайтын кәсіпкерлер) үшін:
– кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын растайтын құжат;
– жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлік (бар болса);
– жеке куәлік;
– сотталмағаны және диспансерлік есепте тұрмайтыны туралы анықтамалар.
Жеке тұлғалар үшін:
– нотариалды куәландырылған жеке куәлік көшірмесі;
– eGov порталынан мекенжай анықтамасы;
– сотталмағаны және диспансерлік есепте тұрмайтыны туралы анықтамалар.
Конверттің сыртында көрсетіледі:
әлеуетті жалға алушының толық атауы және пошталық мекенжайы;
конкурс ұйымдастырушысының атауы және пошталық мекенжайы;
конкурс атауы.
Мерзімінен кеш ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
Жауапты тұлға: Агниязова Гульмира Адиловна
Тел.: 8 (7292) 70-10-60 (ішкі 3310).
Қағидалар жалға берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Өтінімді қабылдамау негіздері:
жалған мәліметтер ұсыну;
хабарландыру талаптарына сәйкес келмеуі;
бұрынғы конкурс жеңімпазы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда;
жалға алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда;
мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушылары тізілімінде болуы;
осы конкурсқа өтінім берген басқа тұлғамен аффилирленген болуы.
Басқа негіздер бойынша өтінімді қабылдамауға жол берілмейді.
Әлеуетті жалға алушының құқықтары:
нысан туралы ақпаратты тегін алу;
нысанды алдын ала қарау;
конкурс басталуына бір тәулік қалғанда жазбаша түрде өтінімді кері қайтарып алу.
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз комиссияның бағалау парақтары арқылы 5 балдық жүйе бойынша анықталады. Ең көп балл жинаған әлеуетті жалға алушы жеңімпаз болып танылады.
Бағалау критерийлері:
Жалға алу құны;
Жалға алу мерзімі;
Ұсынылатын инвестициялар және нысанды жақсарту жұмыстары.
Қалған бос уақытқа басқа өтінімдер болған жағдайда бірнеше жеңімпаз анықталуы мүмкін.