Жаңалықтар
Республикалық конференция қазақстандық педагогтарға жаңа серпін берді
28 сәуір 2026 17:18
Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Оқыту мен оқудағы заманауи мүмкіндіктер: инновация, цифрлық технологиялар және саралап оқыту» тақырыбында қазақстандық ұстаздарға арналған республикалық конференция өтті. Конференцияны NIS Алматы-Наурызбай директоры Маслихат Зәмірбекқызы ашып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.
Алматы, Астана, Қызылорда, Абай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Карағанды, Алматы, Ақмола облыстарынан қатысқан жүзден аса мұғалімдер кәсіби офлайн және онлайн алаңда тәжірибелерімен бөлісіп, оқытудағы үздік тәжірибелер мен инновацияларды талқылады, білім беру үдірісінде заманауи педагогикалық тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын қарастырды. Көптеген ұсынылған жаңа идеялар қатысушылардың қызығушылығын оятып, пікірталастар туғызды. Конференция соңында NIS Алматы-Наурызбай ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директорының орынбасары Манашева В.К. барлық қатысушыларға «Beyim ustaz» сертификаттарын табыстады.