logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

«Даналық бейсенбі»: Санжар Керімбаймен кездесу

06 наурыз 2026 10:49

Алматы - Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Даналық бейсенбі” жобасы аясында журналист, аудармашы, публицист, логотерапия ілімін насихаттаушы, қисса жинаушы Керімбай Санжар Әбдірайымұлымен кездесу өткізілді. Санжар Әбдірайымұлы «Адам болмысы мен құндылықтары» тақырыбында адамның дамуы, өзін-өзі дамыту, білім алу, ұлттық және адами құндылықтар, ғаламтор мен гаджетке келміргеннің зияны туралы келелі ой өрбітті.

Оқушылармен бірге ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысқан әсерлі кеш залында ине шаншар орын болмады. Тағылымы терең кездесу соңында NIS директоры Маслихат Зәмірбекқызы қонаққа алғыс айта отырып,оқушыларға айтылған ақпаратты сараптап, тұжырым жасауға кеңес берді.