logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Оныншы Гран-при: «Нұр-Сазы» оркестрінің жаңа белесі

16 ақпан 2026 14:19

Алматы–Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Нұр-Сазы» этнофольклорлық ұлт аспаптар оркестрі кезекті мәрте зор жетістікке қол жеткізді. Демалыс күні қазақ музыка өнерінің қарашаңырағы – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі сахнасында өткен Халықаралық «Ұшқын» балалар және жасөспірімдер байқауында зияткерлер топ жарып, Бас жүлдені иеленді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 100-ге жуық дарынды қатысушының арасынан суырылып шыққан «Нұр-Сазы» оркестрі орындаушылық шеберлігімен беделді қазылар алқасын тәнті етті. Оқушылар қазақтың көрнекті композиторы Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйін жоғары кәсіби деңгейде орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Күйдің әр иірімі мен нәзік нақышы оркестрдің үйлесімділігін, сахналық мәдениетін және ұлттық өнерге деген терең құрметін айқын көрсетті.

Бұл  жетістік «Нұр-Сазы» оркестріне халықаралық байқауларында табысталған алтыншы Бас жүлдесі. Жас ұжым бүгінде Қазақстандағы жасөспірімдер оркестрлерінің алдыңғы қатарында екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Оркестрге тоғыз жыл бойы жетекшілік етіп келе жатқан танымал күйші, білікті ұстаз, «Құрманғазы» төсбелгісінің иегері Ертай Барлықов шәкірттерінің шығармашылық ізденісіне бағыт-бағдар беріп, ұлттық өнердің өрісін кеңейтуге зор үлес қосып келеді.