logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

 Қабдеш Жұмаділовтың 90-жылдығына: Тағылымы мол кездесу

06 ақпан 2026 14:33

 Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың 90 жылдық мерейтойына арналған әдеби-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға жазушының ұлы, ғалым, танымал тарихшы Арман Жұмаділов арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Іс-шараның ашылу салтанаты «Нұр-Сазы» ұлттық аспаптар оркестрі домбырашыларының орындауындағы күймен басталып, рухани-мәдени бағыттағы мазмұнмен өрбіді.

Арман Қабдешұлы қойылған сұрақтарға жауап бере отыра жазушының өмір жолы, шығармашылық мұрасы және қазақ әдебиетіндегі айрықша орны туралы  баяндады, қаламгердің Қытай қазақтарын тарихи отанына көшіру саясатына зор ықпал жасаған қадамдары туралы көпшілікке белгісіз фактілер айтылды.  

Қабдеш Жұмаділовтің тарихи романдарында, оның ішінде щоқтығы биік “Соңғы көш” дилогиясында   дәуірлік көрініс, ұлттық сана мен  этнографиялық шынайылық беріліп, әр оқырманда терең ой қалдыратынына оқушылар көз жеткізді. Кездесу соңында жазушының әдеби мұрасынан «Таңғажайып дүние», «Қаздар қайтып барады», «Слезы академика», «Атамекен» кітаптары мектеп кітапханасына  “Кабдеш Жұмаділовтың қоры” атынан тарту етілді.

 

Іс-шара аясында оқушылар арасында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Қабдеш Жұмаділовты қаншалықты танимыз?!» атты викториналық ойын өткізілді. Оқушылар қаламгердің туындылары бойынша өз білімдерін ортаға салып,  белсенділік танытты.

 

Әдеби-танымдық іс-шара зияткерлердің рухани-мәдени құндылықтарын арттырып, ұлттық әдеби мұранының маңыздылығын жеткізген тағылымы мол кездесу болды.

 

Фотогалерея

image-
image-