Жаңалықтар
«Ата-аналар университеті»: саналы тәрбиеге бастар маңызды алаң.
05 ақпан 2026 13:05
Алматы–Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің жатақханасында «Ата-аналар университеті» жобасы аясында ата-ана Мәткерім Ғайнидің қатысуымен «Құндылықтар арқылы балаға өмірлік бағыт беру» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтардың маңызы, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас, жасөспірімнің болашағына дұрыс бағыт беретін өмірлік ұстанымдар жайлы маңызды ойлар айтылды.
Ашық пікір алмасу форматында өткен шара қатысушыларға пайдалы ақпарат пен рухани қолдау сыйлады.
Мұндай кездесулер ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтып, ортақ түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.
#АтаАналарУниверситеті
#ТәрбиеОтбасынанБасталады
#ОтбасылықҚұндылықтар
#NISNauryzbay
#СаналыТәрбие