logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Жаңалықтар

Тарихи жетістік: NIS түлегі Кембридж университетінің толық стипендиясына ие болды

29 қаңтар 2026 14:30

Алматы-Наурызбай Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Еңлік Бақытбекова NIS тарихында алғаш рет әлемге әйгілі Кембридж университетінің бакалавриат бағдарламасы бойынша толық оқу стипендиясын иеленіп, шақырту алды.

💫Еңлік 57-ші Халықаралық химия олимпиадасының (IChO) күміс жүлдегері, «TUYMAADA» халықаралық олимпиадасының үш дүркін жүлдегері, сондай-ақ «Дарын» республикалық жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының үш дүркін жеңімпазы. Еңліктің жетекшісі - химия пәні мұғалімі, "Құрмет" орденінің иегері Шолпан Әбішева.

💐Бұл жетістік білімге деген құштарлықтың, табандылық пен тынымсыз еңбектің жарқын көрінісі. Еңлікке алдағы оқу жолында зор табыс тілейміз!